• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Шілде, 2024

Микроқаржы нарығындағы түйткілдер

166 рет
көрсетілді

Микроқаржы сегменті – қар­жы секторының ең жыл­­дам дамып келе жат­қан сегменті. 2020 жыл­дан бастап сектор ак­тив­тері 2 еседен астам өсіп, 2,6 трлн теңгеге жетті. Нарық­тың жиынтық несие портфелі 130%-ға, 2,4 трлн теңгеге дейін өсті.

«Кейінгі 3 жылда микроқар­жы ұйымдары мен кредиттік серік­тес­тіктердің бизнеске берген кредиттер портфелі 4 еседен астам өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті. Осы кредиттік ұйымдардың қарыз алушыларының саны 250 мың кәсіпкерден асты», деді агенттік төрағасы таяуда өткен Микроқаржы секторы: орнықты дамудың 20 жылы» атты форумда.

«KASE» алаңында 21 микро­қаржы ұйымының үлестік және борыштық құралдары орна­ластырылған. Қор нары­ғындағы қарыздардың жалпы көлемі 41,7 млрд теңгені құрады.

«Микро және шағын бизнес субъектілері үшін, әсіресе ел өңірлерінде банктік қыз­мет­тердің қолжетімділігін қамтамасыз ету де – маңызды жүйелі шара. Бұл үшін өткен жылы заңнамалық деңгейде микроқаржы ұйымын банктерге айналдырудың жеңілдетілген тетігі енгізілді. Осы уақытқа дейін банкке айналдыруға рұқсат алуды 2 микроқаржы ұйымы жос­парлап отыр», деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұл жерде әңгіме «KMF» және «Solva» микроқаржы ұйымдары туралы болып отыр. Заң бойын­ша банк болып құрылатын қар­­жы ұйымының жарғылық және меншік капиталы 10 млрд теңгеден кем болмауға тиіс. KASE-нің 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағ­дай бойынша меншік капиталы бо­йынша 3 микроқаржы ұйымы талапқа сай келеді, олар – «KMF» (54,6 млрд теңге), «Solva» (18,2 млрд теңге) және «BNK Finance Kazakhstan» (18,2 млрд теңге).

«Кейінгі 3 жылда бизнес­ке берілген несие портфелі 4 есе өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті. Аталған несие ұйымдарының борыш­­керлерінің саны 250 мың кәсіпкерден асты. Өңір­лер­дегі бизнестің қыр-сырын түсінгендіктен, өз қыз­метін ауқым­ды түрде ұсыну­дың арқа­сында МҚҰ алыс ай­мақ­тардағы түпкілікті қарыз алушыға дейін жетіп жатыр. МҚҰ бизнес субъек­ті­лерінің қаржы ресурсына қолжетімділігін қамтама­сыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жұмыс орындарын құрады, жұмыспен қамту өсімін арттырады және өңірлердегі кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырады», дейді ҚНРДА басшысы.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, микронесиелеу динамикасының оң болуына қарамастан, бизнес кредиті бо­йынша сыйақы мөлшерлемесі жоғары күйде қалып отыр.

«Қазір МҚҰ-лардағы орташа жылдық пайыздық мөлшерлеме 37 пайызды құрайды, несие серіктестіктерінің займы бо­йынша – 17 пайыз. «МҚҰ-дағы несие ресурстарының құнын төмендету үшін агенттік нарық қатысушыларымен бірлесіп капитал тартудың жаңа формасын енгізу, МҚҰ үшін кредиттерге кепілдік беру және субсидиялау, қаржы лизингі және факторинг құралдары бойынша мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастырады», деді ол.