Якутияда бортында ұшқышы мен үш жолаушысы бар Robinson тікұшағы радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz SHOT басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Robinson R44II бортында апаттық радиошамшырақ іске қосылған. Ал тікұшақ ұшқышы байланысқа мүлде шықпаған.
Айта кетейік, тікұшақ Чагда ауылынан 80 шақырым жерде радардан жоғалып кеткен.
Қазіргі уақытта «Полярные авиалинии» аймақтық әуе компаниясының ұшақтары іздестіру-құтқару жұмыстарына дайындалып жатыр.