• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Шілде, 2024

«Ерке Ертістің жағасында»

117 рет
көрсетілді

Павлодар қаласының жаңа логотипі пайда болды. Жаңа графикалық көрініс көптеген тарихи және идеологиялық мағынаны біріктіріп, таңба толығымен «PVL» аббревиатурасынан жасалған.

Туристік тартым­ды­лық­ты арттыру, ресми және қа­лалық іс-шара­ларды өткізу кезінде бірыңғай стильді қа­лып­тастыру, қаланың ашық кеңіс­тігінде, кәдесый өнімдерін, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді пайдалану мақсатында Павлодар қаласының әкімдігімен логотип пен дескрипторды қамтитын «Ерке Ертістің жағасында...» фирмалық стиль әзірленді.

«Жаңа графикалық көрі­нісі көп­теген тарихи және идео­­ло­гиялық мағынаны бі­рік­тірді. Логотиптегі таңба толығымен «PVL» аббревиатурасынан жасал­ған. Аббревиатура түркі жазуына, «Өлеңті жазба­лары» петро­глифтеріне, «Қош­қар мүйіз» қазақ ұлттық ою-өрнегіне және «Қаз­­қонақ» палеонтологиялық ескерткішіне негізделген. Қысқа әрі мини­малистік шрифт таңдалды. Логотиптің көрнекті бөлігін кереметтей толықтырып тұрған жүрек тәрізді элемент және ол оған өзіндік ерекшелік беріп, өз қаласына деген сүйіспеншілікті білдіреді. Қала­мыздың Қимақ қағанатынан бүгінге дейінгі даму тарихы Ертіс өзенімен тығыз байланысты. Ертіс – табиғи шоғырландырушы идея, түрлі тарихи дәуірдің үнсіз куә­гері. Барлық ұрпақ буынын шоғырландыру және қаланың оң көрінісін беру мақсатында «Ерке Ертістің жағасында...» дескрипторы ұсынылды», деп хабарлады Павлодар қаласының әкімдігінен.

Түс гаммасы негізгі түстердің үйлесімді және минималистік үй­лесімінде келтірілген: көк, жусан, қызғылт сары-құм және көгілдір. Бұл – аспанның, Қазақ­стан туының, Ертіс – Баян да­ласының және Ертіс суларының түстері.

Фирмалық стиль идеясы бай тарихи жолды, мәдени әр­алуан­дылықты, ашықтық пен қонақжай­лылықты, табиғаттың бірегей­лігін «Тарих-Жаңғыру-Өрлеу» жалпы лейтмотивімен көрсе­туге тырысқан.

ПАВЛОДАР