Жер бетінде 10 мың адамнан ғана тұратын удин деген ұлт бар. Соның бірі біздің Сарағашта тұрады екен.
Карина Хачикованың отбасы кезінде елімізге Кавказдан жер аударылып келген. Қазақ тіліне судай. Ол бізде туып-өскенін мақтан тұтады. Туыстары туған өлкесіне қайтып кеткенде, осында саналы түрде қалыпты. Өзі шебер аспаз. Мемлекет қолдауымен жеке кәсібін ашқан. «Ұлтым – удин. Анамның төркінінде бәрі қазақша сөйлейді. Қазақстанда тұрамыз. Біз қазақпыз. Қиын-қыстау кезеңде ата-анама пана болған қазақ жері – біздің отанымыз», дейді Карина.