Қытай ғалымдары жаңбыр тамшыларының энергиясын электр энергиясына айналдыратын генератор ойлап тапты. Бұл туралы «American Chemical society» порталы хабарлады.
Мұндағы басты элемент – су жұқтырмайтын қабыршақ. Тамшылар тигенде, ол пішінін өзгертеді. Содан соң қайта өз қалпына келеді. Соның нәтижесінде электр энергиясы пайда болған. Ғалымдар бұл қуат көзі жарық диодтары мен желдеткіштер жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті дейді.