39 секундта не істеуге болады? Физикалық мүмкіндігімізді ескерсек, көп дүниеге үлгермейміз. Ал Тайваньда бірден 89-қабатқа көтерілуге болады.
«Тайбэй 101» – Тайвань астанасындағы зәулім ғимарат. Бұл – әлемдегі ең танымал нысандардың бірі. Биіктігі – 509,2 метр. Мұнара ерекше геометриялық контурларға ие. Ғимаратта 60-тан астам лифт жұмыс істейді. Жылдам лифттер, аэродинамикалық пішінінің арқасында 60,6 км/сағ жылдамдықпен жүреді. 5-қабаттан 89-қабатқа 39 секундта жетуге болады. «Зымыранмен ұшқандай боласың», дейді мінгендер.