• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Ақтөбе облысында сайлаушылардың 70,1 пайызы дауыс берді (фото)

329 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 26 сәуір. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Ақтөбе облысында белсенді өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. №61 сайлау учаскесінде сағат 15:30-ға дейін тіркелген 2 130 сайлаушының 1 831-і дауыс беріп үлгерген. Ал №38 сайлау учаскесіндегі Ресейден келген ТМД миссиясының байқаушысы, Орынбор облысы үкіметінің вице-губернаторы, ішкі саясат бөлімі төрағасының орынбасары Олег Димов сайлаудың ұйымшылдықпен, таза және әділ өтіп жатқанын айтты. Ол өз сөзінде облыстың экономикалық дамуына да оң баға берді. Сонымен қатар, қалалық оқушылар сарайындағы №77 сайлау учаскесінде болған халықаралық байқаушы, Польшадан келген Адам Маршалек те сайлау туралы оң пікір білдірді. Жалпы, облыс бойынша сағат 15:30-ға дейін сайлаушылардың 70,1 пайызы дауыс беріп үлгерген. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.