• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2024

Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері 84 млн теңгені қалтасына басқан

188 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен мемлекеттік қызмет үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру кезінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімі «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғаны анықталды.

Олар көші-қон қызметіне баж соммасына қатысты көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.   

Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.