• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Еліміздегі сайлаушылардың 89,69 пайызы дауыс берді

272 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Республикамыздағы сайлаушылардың 89,69 пайызы дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшіс хабарлады. Марат Сәрсенбаев: «Президенттік сайлауда облыстардың, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген  сайлаушылардың 89,69, пайызы сайлау бюллетенін алды», – деді. Орталық сайлау комиссиясы мүшесінің сөзіне қарағанда, Ақмола облысы бойынша – 94,81,  Ақтөбе облысы бойынша – 85,05, Алматы облысы бойынша – 91,17, Атырау облысы бойынша –  92,96, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 93,55, Жамбыл облысы бойынша – 92,97, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 90,16, Қарағанды облысы бойынша – 91,12, Қызылорда облысы бойынша – 93,68, Қостанай облысы бойынша – 91,27, Маңғыстау облысы бойынша  – 88,45, Павлодар облысы бойынша – 90,23, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,86, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  – 93,55,  Астана қаласы бойынша – 88,29, ал Алматы қаласы бойынша 73,17 пайызды құраған. Жолдыбай Базар. Дерек: egemen.kz. Сурет: azh.kz.
Соңғы жаңалықтар