• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Шілде, 2024

Өзекті мәселелерге назар аударды

47 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Алматы облысы Есік қаласындағы қазіргі заманғы мектеп құрылысымен танысты. 900 оқушыға арналған білім ордасы – өткен жылғы Ақмола облысындағы Қосшы қаласында ашылған мектептен кейінгі заманауи үлгіде салынып жатқан екінші білім беру мекемесі.

«Алматы қаласында да осындай мектеп салу жоспарланып отыр. Осыған байланысты біз бүгін тәжірибе алмасу үшін Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы мен жобалау институтының басшыларын да осы нысанға шақырдық. Мұндай мектептердегі сыныптардың ауданы 60-62 шаршы метрді құрайды, бұл балалардың білім беру үдерісіне қолайлы жағдай туғызады. Болашақта қазақстандық мектептер осындай болуы тиіс. Спорт алаң­дары да осы стандарттарға сай болуы керек», деді сенатор.

Депутат сапар барысында Алматы қаласындағы жол кептелісі мәселесіне де назар аударды. Ол қаланың ең көп жүретін учаскелерінің бірі Құлжа трактісіндегі жолды кеңейту барысымен танысты. Депутатқа жолды кеңейтіп, жолақтар санын көбейту жұмыстары биыл 1 қыркүйекке дейін аяқталатыны туралы хабарланды. Құлжа трактінде осыған дейін 4 жолақ болса, енді әр бағытта 3-ке дейін көбей­тіледі және жалпы алғанда 6 жолаққа кеңейтілетін бола­ды. Бұл қаланың шығысындағы кептелісті едәуір азайтады.