• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Шілде, 2024

Әр облыстың «өңірлік рәміздері» пайда болуы мүмкін

175 рет
көрсетілді

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жергілікті мемле­кеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына қол қойды. Осы заң шеңберінде еліміздегі 17 облыс және 3 республикалық маңызы бар қаланың өңірлік нышандарын нормативтік-құқықтық деңгейде ресми бекіту жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін өңірлік рәміздерді рәміздердің сипаттамасын әзірлеу мен оларды пайдалану тәртібін айқындау құзыреті Астана және Алматы қала­ла­рының мәслихаттарына ғана қолжетімді болды. Ал өзге аймақтарда бұл мәселе нормативтік-құқық­тық актілер деңгейінде бекітілмеген еді. Осы олқылықтың салдарынан жергілікті әкімдер өңірлік рәміздердің сипаттамасын әзірлеу мен пайдалану тәртібін өздері айқындап келген.

Өңірлік рәміздерді әзірлеу жүйесін ретке келтіру бойынша «Үлгілік қағида» дайын­далғанын айтады. Қағида мәтіні ­23 шілдеге дейін қоғамдық тал­қылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.

Тілшіміз Жадыра Мүсілім геральдист мамандардың тақырыпқа қатысты пікірі мен ұсыныстарын тыңдады. 

Мәселен, геральдист Айдын Рысбекұлы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару тура­лы» заңға енген «өңірлік нышандар» терминін «өңірлік рәміздер» деп өзгертуді ұсынды. 

Жалпы «өңірлік рәміздерді» бекітудің маңыздылығы мен оған қойылатын талаптарды газетіміздің бүгінгі санында жарық көрген Жадыра Мүсілімнің «Өңірлік төлтаңба асқақ болуы шарт» мақаласынан оқи аласыздар.