• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2024

Түркістанда пайдалы қазбаларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталды

144 рет
көрсетілді

Пайдалы қазбаларды заңсыз тасымалдаған 164 жүк көлігі «Түркістан» айыппұл тұрағына қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 164 жүк көлігі мен 17 арнайы техника айып тұрағына жөнелтілген. Оның ішінде 92 Howo және 72 КамАЗ, сондай-ақ 8 экскаватор мен 9 жүк тиегіш бар.

Сонымен қатар Сауран ауданында 24 сағат ішінде жер қойнауын заңсыз тасымалдаудың бес фактісі анықталған. Нәтижесінде барлық жүк көліктері айып тұрағына қойылып, жиналған материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін экология департаментіне жіберілген.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Бұдан бөлек, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 150 фактісі бойынша барлық жиналған құжаттар «Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бабы бойынша экология департаментіне жолданған.