• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Сайлауда дауыс беру кезінде өрескел заң бұзушылық болған жоқ

386 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Президенттік сайлауда дауыс беру кезінде прокуратура органдарына заң бұзушылық туралы елеулі өтініштер, мәліметтер түскен жоқ. Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Н.Сүйіндіков: «Президент сайлауында дауыс беру процесінде прокуратура органдары барлық сайлау комиссияларымен және мүдделі мемлекеттік мекемелермен тікелей байланыста болды. Қазіргі сәтке дейін прокуратура орындарына сайлау заңнамаларын бұзуға қатысты елеулі бір шағымдар, өтініште немесе хабарламалар түскен жоқ. Тек, Семей қаласының тұрғындары, ерлі-зайыпты Карпухиндер өздерінің тұрғылықты жеріндегі сайлау учаскесінде түзілген тізімге енбей қалғандары туралы шағымданған. Олардың сол тиісті аумақта тұратындары анықталғаннан кейін, Карпухиндер дауыс беруге мүмкіндік алды. Қазіргі таңда бұл кісілердің алдын ала түзілген тізімге енбей қалуының себептері анықталуда», – деді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz.