Лондон ғалымдары адам ғұмырын ұзарта түсетін дәрі-дәрмек ойлап тапты.
Сынау мақсатында олар инновациялық өнімді тышқанға қолданып, тәжірибе жүргізген еді. Нәтижесінде, кеміргіштердің жағдайы жақсарды. Қатерлі ісікке шалдығу қаупі де азайды. Қартаюды реттейтін ақуыз бөлінісі тежеліп, өмір сүру ұзақтығы шамамен 20-25 пайызға артты. Ғалымдардың айтуынша, бұл дәрінің адам ағзасына еш зияны жоқ. Сынақ жұмыстары оң нәтиже берсе, адамға қолдануды жоспарлап отыр.