• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Шілде, 2024

«Optimus» ойыншық емес

«Tesla» адам тәрізді роботтардың жаппай өндірісін бастамақ. Олар қорап тасып, гүлдерді суара алады. Қазір зауытта сынақ режімінде жұ­мыс істеп жатыр.

Бұл туралы Илон Маск әлеуметтік желі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, жаппай өндіріс 2026 жылы қолға алынады. Әр құлтемір шамамен 20 мың доллардан сатылады. Негізі «Tesla» осыдан 2 жыл бұрын «Оптимус» деп аталатын адам тәрізді роботтың прототипін көпшілікке таныстырған еді. «Жасанды интеллектінің көмегімен жұмыс істейтін осындай құлтемірлер болашақта маман тапшылығы мәселесін түбегейлі шешеді», дейді Илон Маск.

Соңғы жаңалықтар