• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:40

Париж Олимпиадасы: Қоржын тағы бір лицензиямен толықты

34 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының тағы бір лицензиясын иеленді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аралас жұптық сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Олимпиаданың бірінші айналымында олар америкалық Коко Гауфф және Тейлор Фрицпен кездеседі. Барлығы миксте медаль үшін 16 жұп таласады. Бұл жұп жарыс жолына 29 шілдеде шығады.

Қазір Қазақстан қоржынында теннистен 6 лицензия бар. Жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко ел намысын қорғайды. Жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов, Рыбакина мен Бублик жүлдеге таласады.

Теннистен жұптық сынға берілген бүгінгі лицензияны қоса есептегенде Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) болды.