Бүгін өткен іздеу-құтқару жұымыстары нәтижесінде «Майқайыңалтын» АҚ аумағында 4 қаңтар күні ойыққа түсіп кеткен автобуста болған төртінші адамның мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.
«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 25 шілде сағат 16:05-те экскаватормен топырақты аршу кезінде жүргізушінің мәйіті 75 метр тереңдіктен табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 5:00 шамасында ойыққа түсіп кеткен автобустың қаңқасы табылған еді.