Түркістандық түлек Дамир Аюпов 45 шетелдік жоғары оқу орнынан шақырту алған. Ол АҚШ, Швейцария, Германия, Испания, Малайзия, Шотландиядағы кез-келген таңдаған университетінде білім алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан қаласындағы № 15 орта мектептің түлегі Дамир Аюпов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 133 балл жинаған.
«Мектепте география, математика, ағылшын тіліне көп көңіл бөлетінмін. Менің жоспарымда IT саласын таңдау болды. Алайда 11-сыныпта жоспарымды өзгерттім, өкінбеймін. Қазір бизнес бағытын таңдадым», деді Дамир Аюпов.
Дамир Аюпов барлық елдердің ішінен Праганың Чехия қаласын таңдаған. Оның айтуынша, ол Чехияда білім алу үшін бір жылын тіл үйренуге жұмсайды.
«Шетелде 3 жыл оқимын, 1 жылдан кейін осы елдің тілін үйренемін. Мені 2,5 миллион теңге стипендиясы бар университеттер шақырды, бірақ менің қалауым – Еуропа», деді жас түлек.
Еске сала кетейік, бұған дейін түркістандық түлек Ислам Абдурахманов әлемнің 6 елінде орналасқан 40-тан астам университеттен шақырту алған болатын. Түлек БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария елдерінің әлемге әйгілі университеттерінің грантын жеңіп алған.