• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Айбын 26 Шілде, 2024

Құрмет тұғырында – ұландықтар

98 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы ӘОСК базасында дзюдо­дан Қорғаныс министрінің кубогіне арналған дәртүрлі жарыс өтті. Турнир­ге еліміздің бірқатар облысынан және үш күштік құры­лы­мынан, атап айтқанда, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министр­л­ігі және ҰҚК ШҚ, барлығы 130-дан астам спортшы қатысты.

Татамидегі жекпе-жек салмақ дәрежесінде 60, 66, 73, 81, 90, 100 келіге дейінгі санатта «Батыс» өңірлік қол­бас­шылығына қарасты 6656 әскери бөлімінің қатар­дағы жауынгері Бауыржан Нарбаев жеңіске жетті.

– Бұл жарыс мен үшін үлкен сынақ болды және өз дағдыларымды көрсетуге үлкен мүмкіндік берді. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановқа әскери жасақты өткен турнирде қалдыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, – дейді жеңімпаз.

90 келіге дейінгі санатта 5573 әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Мәди Амангелді екінші орынды, ал 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 5573 әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Санжар Жабборов үшінші орынды иеленді.

– Біз бұл жарысқа ұзақ және тыңғылықты дайындалдық. Біздің қарсыластарымыз да өз шеберліктерін көрсетті. Бұл бәсеке менің одан әрі шыңдалуыма және бар күшімді салуға дем берді, – дейді С.Жабборов.

Жарыс қатысушыларының жоғары дайындық деңгейін көрсеткен жарыстың жалпыкомандалық есебінде Ұлттық ұланның дзюдошылары екінші орынға ие болды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ жарысты ұйымдастыруға және өткізуге зор көмек көрсеткен жандар да Алғысхат иеленді.