• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Шілде, 2024

Қарағандыда өртенген моншаның иесіне 108 млн теңге төленді

106 рет
көрсетілді

Сақтандырушылар өрт болған монша кешенінің жөндеу шығындарын өтеген. Қарағандыда түнде Гапеев көшесіндегі екі қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама 3 сағат 24 минутта келіп түскен. Бір сағаттан кейін өрт сөндірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мамандары өрт ошағы моншаның екінші қабатында орналасқан ерлер бөлімшесіндегі пештің жанындағы бу бөлмесінде болғанын анықтаған. Салдарынан қабырғалар мен төбелердің ағаш қаптамасы тұтанғанға дейін қызып кеткен. 

Өрт ерлердің бу бөлмесі, бассейн, киім ауыстыратын бөлме, демалыс бөлмелері, қосалқы бөлмелерді шарпыған. Анықталғандай мүлік сақтандырылған, нәтижесінде келтірілген залал 108,3 млн теңгені құрады. Моншаның бір бөлігі ғана өртеніп кеткен, алайда келтірілген шығын елеулі. Себебі  бағалауды жүргізген тәуелсіз мамандардың деректері бойынша өрт 60 млн теңгеден астам тұратын пешті жоқ қылған.

Jusan Garant монша кешенінің иесіне 75 млн теңге төлеген, қалған 33,3 млн теңгені Еуропалық сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары қайта сақтандыру шарты бойынша өтегені белгілі болды.  

Ұлттық банк мәліметіне сәйкес,  2024 жылдың бес айында Jusan Garant өз клиенттеріне мүлікті ерікті сақтандыру бойынша 828 млн теңге төлеген. Компания елдегі сақтандырушылар арасында сақтандырудың осы түріндегі төлемдер бойынша 2-орында.

Айта кетейік,  Jusan Garant осы жылдың қаңтар-мамыр айларында 8,7 млрд теңге көлемінде залалды өтеп және төлемдер бойынша үздік 3 сақтандыру компаниясының қатарына кірген.