• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Мәдениет 26 Шілде, 2024

Нобель сыйлығының лауреаты «Берел» қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады

147 рет
көрсетілді

Климаттың өзгеруіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайына барды. Сапар барысында Оңтүстік Кореядан келген қонақ Ұлы даланың мыңжылдық тарихына, сақтар мен түркілердің мәдениетіне тәнті болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Экскурсия барысында «Берел» Қазақстан аумағында органикалық заттар табылған жалғыз ескерткіш екені айтылды. Мұражайдан көшпенді ақсүйектердің қабірлері мен ерекше скиф-сібірлердің аң стилінде жасалған жоғары көркем бұйымдары табылып, көпке танымал болды», деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қонақтарға ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпелілердің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, мата, ағаш ыдыс-аяқ, былғары және киізден жасалған бұйымдар сияқты бірегей экспонаттар таныстырылған.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері «Берел» қорық-мұражайына бес мыңға жуық турист келген.