Бүгін Жетісу облысы Сарқан қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауданның қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері, аудандық мекеме ұжымдары, жастар мен қала тұрғындары қатысқан тазалық шарасына 200-ге жуық адам қатысқан. Акция қатысушылары аудан орталығының парктері, аллеяларын тазартып, қоқыстарды жинаған. Одан өзге де мекеме қызметкерлері өз жұмыс орындарының аулаларын тазартып, экологиялық акцияға белсене атсалысқан.
Акция барысында барлығы 1 тоннаға жуық қоқыс жиналған. Акция қатысушылары алдағы уақытта да аудан жұртшылығын тазалық шараларына белсене қатысуға шақырып, туған жердің тазалығы әркімнің өз үйінен басталатынын еске салды.
«Жаңа Қазақстан – таза Қазақстаннан басталады. Біз қоғамдық кеңес мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына атсалысудамыз. Егер қаламыз, ауылымыз, тұратын баспаналарымыз таза болатын болса деніміз де сау болады», деді Сарқан аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күлбаршан Мырзабайқызы.