Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Метереологтардың мәліметінше, 27, 28, 29 шілде күндері ел аумағында оңтүстік циклон қалыптасады. Оның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қысқа жауын-шашын болады.
27 шілде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жауады.
Ел бойынша күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.
«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде +8...+13, күндіз +15...+25 градусты көрсетсе, шығыста күндіз ауа температурасы біртіндеп төмендеп +23...+32 градусты көрсетеді деп болжанып отыр. Ал өзге аймақтарда ауа райының күрт өзгеруі болжанбаған», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.