АСТАНА. 26 сәуір. Күллі Қазақстан аумағында азаматтардың Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруі аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де республиканың басы өңіріндегі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелері жабылды.
Дауыс беру республиканың негізгі бөлігінде сағат 20:00-де аяқталды.
Қазақстанда президент сайлауы осымен бесінші мәрте өтіп отыр. Бұл жолы президенттікке үміткер болып үш адам дауысқа түсті.
Мұның алдында, 2011 жылы өткен сайлауда қазіргі іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыздық дауысын алған еді.
Сайлаудың өту барысын 858 байқаушы бақылады. Олардың 293-і ЕҚЫҰ-дан, 410-ы ТМД-дан, 10-ы ШЫҰ-дан, тағы 15-і түркі мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінен, 11-і түркі мемлекетері парламенттік ассамблеясынан,3-і ислам ынтымақтастығы ұйымынан келсе, 116 байқаушы 37 шет мемлекеттен келді.
Бұдан басқа, 37 мемлекеттің 168 журналисі аккредитация алды.
Құрыш Нұрымбет.
Дерек, сурет: egemen.kz.