Төртжылдықтың басты додасына қатысатын ең жас және ең егде спортшылар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Championat мәліметінше, Олимпиаданың ең жас спортшысы - Қытай өкілі. Жасы небәрі 11-де. Скейтбордшы қыз Чжэн Хаохао 2021 жылы 8 жасында Қытайдың ұлттық ойындарына қатысып, 14-орын алған. Ал 2023 жылы Будапештте өткен іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған екен.
(Фото: b1rinshibol инстаграм)
Ал ең егде қатысушы - 65 жастағы испаниялық Хуан Антонио Хименес Кобо. Ол Париж-2024 ойындарында ат спортынан бақ сынамақ.