• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Шілде, 2024

Қауіпсіздік ережелерін елемеген оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі

97 рет
көрсетілді

Елорда құтқарушылары Астанадағы Есіл өзенінде жүргізілген рейд қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, елорда тұрғындары тыйым салынған жерлерде суға түсуді тоқтатар емес. Белгілер мен ескертулерді елемеген азаматтар қайғылы оқиғаларға жиі тап болады

«Есіл өзенінің бойында жүргізілген бір күндік рейдте тұрғындармен әңгімелесу жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат материалдары таратылды. 19 адамға ескерту жасалды. 21 жасөспірім Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама рәсімделді», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік,  Қазақстанда суға түсуге тыйым салынған 4598 орын бар, 5894 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған. Жаз мезгілі басталғалы бері шомылуға тыйым салынған жерлерде 39 853-тен астам рейд пен патруль жүргізілген.