• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 27 Шілде, 2024

Жанкешті жанкүйер

99 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының тұрғыны Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарын көрмекке Франция астанасына велосипедпен барған.

3600 шақырымды екі ай жүріп өткен ақтаулық Рабын Борашевты Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қарсы алды. Жанкешті жанкүйер ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін ұзақ дайындалған. «Төрт жыл бойы велосипедпен еліміздің бірнеше өңірлеріне саяхаттап, әбден жаттықтым. Сапар алдында қос дөңгелекті көлігімді жаңартып, «Париж, қайдасың?» деп тартып кеттім. Жолда визаға байланыс­ты қиындықтар болды. Бірақ соның өзінде Франция астанасына жету үшін сегіз елді басып өттік», дейді Рабын Борашев