• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:38

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

21 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің елімздің басым бөлігінде жауын-шашын жаууы ықтимал. Ал Түркістан облысында 40 градусқа дейін ыстық күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

Ұлытау облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

28-29 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қаласында: 28-29 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қаласында: 28-29 шілдеде жоғары өрт қаупінен (4 класс) төтенше өрт қаупіне (5 класс) дейін жоғарылауы күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында: 28 шілдеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қаласында: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тауларда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында: 28 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында: 28 шілдеде түнде кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Абай облысы

Таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Семей қаласында: 28 шілдеде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 28 шілдеде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 28 шілдеде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 28 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 28 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.