• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 11:05

Париж-2024: Оралбай, Базарбайұлы, Қызайбайдың кезекті қарсыластары анықталды

172 рет
көрсетілді

Париж Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғап жатқан үш боксшымыз екінші кездесуін кімге қарсы, қашан өткізетіні белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

27 шілде күні алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен, 63, 5 келіде жұдырықтасатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуінде қытайлық Тайпей өкілі Лэй Чу Энге қарсы шаршы алаңға шығады. 

Бокс бәсекесін 29 шілдеден 30 шілдеге қараған түні (бүгін) 00:04-те Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

28 шілде күні нигериялық Адам Олаорені нокдаунға түсіріп, сенімді жеңіске жеткен Айбек Оралбай (92 кг) ширек финалда әзербайжандық Лорен Берто Альфонсо Домингесті жеңуге күш салады. Бұл кездесу 1 тамызға жоспарланған.

Қыздар құрамасы сапында Назым Қызайбай да 1 тамыз күні Париж Олимпиадасы аясында екінші рет рингке шығады. Назым Каролин Барбоса де Альмейдамен (Бразилия) жұдырықтасады. Ол күні кеше италиялық Джордана Соррентинодан басым түсті.