Бокстан ерлер арасында Париж шаршы алаңына әлі шықпаған боксшылар алғашқы кездесуін қашан өткізетіні анықталды, деп жазады Egemen.kz.
30 шілде күні Сәкен Бибосынов (51 кг) түркиялық Самет Кумушқа қарсы жұдырықтасады.
Осы күні 80 келіде ел намысын Нұрбек Оралбай қорғайды. Ол алғашқы айналымда Австралия өкілі Каллум Петерспен шеберлік байқасады.
57 келіде бақ сынайтын Махмұд Сабырхан 31 шілде күні испаниялық Хосе Кильеске қарсы рингке көтеріледі.