АТЫРАУ. 22 қаңтар. Атырау облысында заңсыз субсидия беру фактілері кездескені анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Махамбет аудандық прокуратурасымен субсидияларды бөлу және берудің заңдылығына жүргізілген тексеру барысында дәлелсіз мәліметтер көрсетілген құжаттар негізінде заңсыз субсидия беру фактілері анықталып отыр. Заңсыз субсидияның жалпы сомасы 4 334 960 теңгені құрайды.
Анықталған фактілер бойынша аудандық прокуратурамен Махамбет ауданы әкімі атына ұсыныс енгізіліпті. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Бақсай, Бейбарыс және Махамбет селолық округтері әкімі аппараттарының 3 жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: Атырау облыстық прокуратурасы.