Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы болып, салдарынан 4 жасөспірім жаңсақтау бөліміне жатқызылды, жеп жазады Egemen.kz.
Жарылыс салдарынан үйдің төбесі де опырылып түскен. Әуелі көмекке сол көше тұрғындары келіп, төрт жасөспірімді құтқарып қалған. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Балалар травматологы Олжас Құрғамбайдың айтуынша, газ жарылысынан 2 ұл мен 2 қыз ауыр жарақат алған, денелерінің 50-70 пайызын күйік шалған.
Qazaqstan.tv хабарлағандай, өрт сөндірушілер жалынның ортасынан бүтін газ баллонын да алып шыққан. Ал мамандар үйдегі жарылыс табиғи газдан болғанын растап отыр. Оқыс оқиғаның мән-жайы сараптамадан кейін белгілі болады.