Жаңа бас имам қызметіне Қостанай қалалық «Марал Ишан» мешітінің имамы лайық деп танылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып тағайындалған Бектұрсын Уалиевті өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ Төрағасының бұйрығын оқып берді.