АСТАНА. 26 сәуір. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен еліміз бойынша президент сайлауында жалпы сайлаушылардың 95,11 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz тілшіс хабарлады.
Л.Сүлеймен: «Президенттік сайлауда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, тізімге енгізілген сайлаушылардың 95,11 пайызы өз таңдауларын жасады», – деді.
Оның айтуынша, Ақмола облысы бойынша – 96,91, Ақтөбе облысы бойынша – 96,36, Алматы облысы бойынша – 98,48, Атырау облысы бойынша – 97,75, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 97,47, Жамбыл облысы бойынша – 97,31, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 96,51, Қарағанды облысы бойынша – 97,21, Қызылорда облысы бойынша – 97,52, Қостанай облысы бойынша – 96,80, Маңғыстау облысы бойынша – 95,36, Павлодар облысы бойынша – 96,35, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 97,71, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 97,78, Астана қаласы бойынша – 94,51, ал Алматы қаласы бойынша 78,28 пайызды құраған.
Айта кетейік, көш басында Алматы облысы тұр.
Жолдыбай Базар.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: khabar.kz.