• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 20:05

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

40 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

80 келі салмақта сынға түскен спортшы австралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді.

Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, Қазақстан боксшысы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті.