Төтенше жағдайлар министрлігі Теміртауда 6 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қайғылы оқиға бүгін болған. Министрліктің мәліметінше, бала ересектердің қарауынсыз қалған.
2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Ол алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырған.