• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:28

Алматы-Қонаев тасжолындағы жол апатынан екі жаяу жүргінші қаза тапты

35 рет
көрсетілді

Алматы-Қонаев тасжолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан екі жаяу жүргінші қаза тапты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, «BMW» көлігін тізгіндеген 20 жастағы бойжеткен жаяу жүргіншіні қағып, «Мерседес» көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан тағы бір жаяу жүргінші зардап шеккен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. BMW жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және оқиғаның барлық мән - жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.