• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Ақмола облысы 100 пайызға жақындап келеді

307 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 26 сәуір. Ақмола облысының электораты Қазақстан президентінің сайлауы жүріп жатқан алғашқы дерек – сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша көш бастаған еді. Сол екпін жалғасын тауып отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кешкі сағат 18.00-ден өте бере облыстық сайлау комиссиясына бас сұққанымызда, көңіл көтерерлік мағлұмат алдық. Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Геннадий Глухов қолға ұстатқан құжатта жергілікті 24 сайлау учаскесінде дауыс беру ойдағыдай аяқталған жазылыпты. Өңір бойынша жалпы көрсеткіш 94,81 пайызға жеткен екен. Тізімдегі 462208 сайлаушының 438209-ы өзінің азаматтық парызын өтеген. Облыс орталығынан басқа аудандардың барлығы 95 пайыздық көрсеткіштен асып отыр. Ал, 98,43 және 98,18 пайыздық үлесті иеленген Астрахан, Зеренді аудандары алда келеді. Жерлестеріміз соңғы мәліметтің де салмақты болатынынан үмітті. Бақберген Амалбек. Дерек: egemen.kz Сурет: Төлеген Қосшығұлов.