31 шілде кешкі сессияда шаршы алаңға шыққан боксшы Валентина Хальзова Париж Олимпиадасының бірінші айналымында жеңілді, деп жазады Egemen.kz.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 75 келіде жұдырықтасатын отандасымыз панамалық Атейна Билоннан айласын асыра алмады.
Бірінші раундта 3:2 есебімен алда тұрған Валентина Хальзова кейінші кезеңдерде 4 : 1 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, В.Хальзова әлем чемпионатының жеңімпазы, екі дүркін қола жүлдегер атанған. Ал панамалық тәжірибелі боксшы - 2014 жылғы әлем чемпионы, күміс жүлдегер, Панамерика ойындарының күміс жүлдегері.