• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2010

БАҚ ПЕН БИЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

574 рет
көрсетілді

Астанадағы Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінде “Саяси институттар жүйе­сіндегі бұқаралық ақпарат құрал­дары: теория және практика” та­қы­рыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияда негізінен қо­ғамның саяси жүйесіндегі БАҚ рө­лінің теориялық-әдістемелік ас­пек­тілері, жаңа геосаяси жағдай­дағы саяси институттар, ақпарат­тық саясат және ақпараттық қау­іпсіздік, БАҚ және мемлекеттік би­лік мәселелері бойынша баянда­малар жасалып, пікір алмасылды. Басқосуда алғаш сөз алған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің прорек­торы Рахметқажы Берсінбай жо­ғары оқу орнының жетістіктерін қысқаша баяндай келіп, соның не­гізгісі – былтырғы осындай бас­қосуда сөз болған “Журналистика және саясаттану” факультетінің құрылғанын атап өтті. Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ве­нера Жексембекова министрдің атынан университеттегі жаңа фа­культеттің құрылуымен құттықтап, табыстар тілесе, Қазақстандағы Украина елшілігінің бірінші хат­шы­сы Александр Никончук өз елін­дегі баспасөз жағдайынан ха­бардар етіп, ерекшеліктер мен ескерер тұстардың бар екеніне тоқталып өтті. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысы На­талья Калашникова ынтымағы жарасқан ел өміріндегі баспасөздің орнына кеңінен тоқтала келіп, мынандай аласапыран заманда журналистердің көрегендігі, білік­тілігі, ең аяғы мәдениетті­лігінің ауадай қажет екенін тілге тиек етсе, академик Жабайхан Әбділ­дин журналистерге бүгінде үлкен жауапкершілік жүктеліп отырға­нын айта келіп, Азаматтық қоғам туралы ой-пікірін ортаға салды. “Егемен Қазақстан” рес­пуб­ли­калық газеті” АҚ прези­денті Сауытбек Абдрахманов өз сөзін “Тақ ауса, бақ ауады” деген қанат­ты сөз бар, осындағы бақты – бұқаралық ақпарат құралдары деп бағамдауға болады” деп бастап, университеттегі “Жур­налистика және саясаттану” факультетінің ашылуының дұрыс шешім болға­нын айта келіп, саясат пен жур­налистиканың бірге болуының артықшылығы бар екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ басқосуда сөз алған белгілі журналист Ғаділбек Ша­лахметов, факультет деканы На­мазалы Омашев және тағы бас­қалар бұқаралық ақпарат құ­рал­дарындағы өзекті мәселелерді қозғап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, бұл конференцияға қатысушылар университет жанын­дағы “Отырар” кітапханасында ұйымдастырылған “Ақселеу Сей­дімбек атындағы Ғылым залы­ның” ашылу рәсіміне қатысып, онда өткен “Қазақстан журна­лис­тикасы: өзекті мәселелер” атты дөңгелек үстелде қазіргі заман талабына орай кадр дайындау жайын сөз етті. Берік САДЫР.