• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Тамыз, 2024

Тамыз айынан бастап елімізде не өзгереді

154 рет
көрсетілді

2024 жылдың тамызында ел азаматтарының өмірінде не өзгеретінін Egemen.kz сайтының материалынан оқыңыз.

Уақыт белдеуіне қатысты өзгеріс: шешім қабылданады

7 маусымда уақытты ауыстыру туралы өтініш 50 мың қол жинады. Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін енгізу қажеттілігін бағалау үшін жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобы құжатты 40 жұмыс күні ішінде талдап, қорытынды шығаруы керек. Өтінішті қарау мерзімі тамыздың басында аяқталады.

Зейнетақы жинағын алу ережелері өзгереді

10 тамызда зейнетақы жинағын алу қағидаларын өзгерту туралы жаңартылған бұйрық күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалану ережелерінен Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтерді (протез салу, имплантация) алып тастауды ұсынып отыр.

Бұйрық күшіне енсе, 10 тамыздан бастап азаматтар осы стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинағын жұмсай алмайды.

Жеке тұлғалардың банкроттық тәртібі

25 тамыздан бастап жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімі қолжетімді болады. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) хабарлағандай, 19 маусымда несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы заңға қол қойылды. Бұл құжат «Азаматтардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

 

Автобус құны 

Астанада автобустардың жолақысы қымбаттайды. Елордада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеден 110 теңгеге дейін өседі.

Алматыда да автобус құны 120 теңгеге дейін қымбаттайды. Жаңа тариф тамыз айының басында күшіне енеді.

Шетелдіктер Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алады

Қазақстан жұмысқа рұқсат алуды талап етпейтін шетелдіктердің тізімін кеңейтті. Атап айтқанда, отбасы мүшелері мен асырауындағы адамдарды қоспағанда, тізім инвесторлық виза алған тұлғалармен толықтырылды. Қаулы 2024 жылғы 10 тамызда күшіне енеді.

Астана вокзалындағы автотұрақтардың тарифтері

Астана вокзалындағы автотұрақтардың тарифтері 5 тамыздан бастап елордада теміржол вокзалындағы ақылы тұрақтардың жаңа тарифтері енгізіледі. Автотұрақта 2-6 сағаттан кейін қолданылған сағатына 1000 теңгелік тосқауылдық тариф жойылды. Енді бір сағаттық тариф автотұрақта өткізген әрбір сағаты үшін 200 теңге болмақ.

Сумен жабдықтаудың жаңа тарифтері

1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында елордада жаңа тарифтер қолданылады. Енді астаналықтар үшін ауыз судың бір текше метрінің құны енді 79,77 теңге (ҚҚС-сыз) болады.

Шекті балл жинай алмағандарға ҰБТ өтеді

Тестілеу 10-15 тамыз аралығында өтеді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тіркелу мүмкін болады. Тіркелу кезінде тестілеушілер емтихан өтетін орынды, күні мен уақытын таңдайды.

Қазақстан мектептеріне өтініш қабылдау аяқталады

Қазақстанда мектеп оқушыларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Өтініштер электронды форматта eGov.kz электронды үкімет порталы және e-Bilimal жүйесі арқылы қабылданады.

Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау мерзімі 25 тамызда аяқталуына байланысты оныншы сынып оқушыларының өтініштерін қабылдау мерзімі де 15 тамыздан 31 тамызға өзгертілді.

Колледждерге қабылдау квоталары өзгертілді

Білім министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау квотасы өзгертілді.

Енді квота:

бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтарға - 10 пайыз (1 пайызды құрады);

бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балаларына, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге - 5 пайыз (1 п. құрады).

Ел азаматтары қанша күн демалады?

Тамызда Конституция күні атап өтіледі. Осыған орай азаматтардың демалыс күніне тағы бір күн қосылады. Биыл 30 тамыз Конституция күні жұмаға тура келіп тұр. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істейді және 1 қыркүйек жексенбі болуына байланысты қайта демалады.

Ауа райы

Синоптиктер мәліметінше, тамызда Қазақстанда ауа температурасы норма шамасында, дегенмен елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі.

«Шілде мен тамызда көптеген облыста жауын-шашын мөлшері норма шамасында және нормадан көп, ал тамызда орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нормадан аз болады деп болжанады», деп жазылған мәліметте.