Дзюдодан 100 келіде ел намысын қорғаған Нұрлыхан Шархан Париж олимпиадасындағы екінші белдесуінде есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Нұрлыхан Шархан өзбекстандық Мұзафарбек Туробоевтан жеңіліп, Париж Олипиадасындағы жарыс жолынан шығып қалды.
Бірінші белдесуінде отандасымыз бельгиялық балуан Тома Никифоровтан басым түскен еді.