ҚЫЗЫЛОРДА. 26 сәуір. Бүгін Қызылорда облысындағы бірқатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері сайлауға қатысуда белсенділік танытты. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлады.
«Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев пен тәуелсіз «ҚоғамТВ» телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шәкизада Әбдікәрімов №208, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының директоры Жағыпар Қарабала №260, «Қызылорда таймс» газетінің директоры Галина Крючкова №213 және «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Биқожа №219 сайлау учаскелерінен дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Ақпарат құралдарының жетекшілері қоғамдық-саяси маңызы зор тарихи шараға қатысу – болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың парызы екендігін айтты.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: kyzylorda-news.kz.