• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2024

Елорданың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

87 рет
көрсетілді

Бүгін, 1 тамызда ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық-саяси шаралардың өтуіне байланысты үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, 7-10 тамыз аралығында қаланың жекеленген көшелерінде, атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:

«Есіл» (Оңтүстік айналма жолы, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық , Керей – Жәнібек хандар к-рі); «Нұра» (Тұран , Ұлы Дала даңғылы); «Алматы» (Тәуелсіздік даңғылы, Ж. Нәжімеденова , Қ. Аманжолова к-рі).

Сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметі дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтетінін атап өтті.

«Іс-шаралар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген хабарламада.