• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Париж-2024: Айбек Оралбай жартылай финалға жетпей сүрінді

22 рет
көрсетілді

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында Айбек Оралбай ширек финалдағы айқасында жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.

92 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Әзербайжан боксшысы Лорен Берто Альфонсо Домингестен айласын асыра алмады. Осылайша Айбек Оралбай Олимпиада ойындарын аяқтады.

Айбек Оралбай бірінші жекпе-жегін бірден 1/8 финалдан бастап, нигериялық боксшы Адам Олаорені жарыс жолынан шығарып, ширек финалға өткен болатын.