• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 02 Тамыз, 2024

74 жастағы зейнеткер Қытайға жаяу жол тартты

213 рет
көрсетілді

74 жастағы зейнеткер марафоншы Сәрсенбай Қотырашев Астана қаласынан бастау алған Ресей - Моңғолия - Қытай бағыты бойынша кезекті сапарына аттанды. Қария бұл сапарын Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпелілер ойынының құрметіне арнаған. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін қарияның әр саяхаты көпке үлгі болары анық, деп жазады Egemen.kz.

Сәрсенбай Қотырашев бала күнінен жаяу жүрумен шұғылданған. Зейнеткердің сапарының соңғы нүктесі - Қытайдың астанасы Бейжің болмақ. Қарияның айтуынша, көшпелі қазақтың ұрпағы болғаннан кейін, дүниежүзілік доданы насихаттау керек.

Бұған дейін, зейнеткер сапарын Атырау қаласынан бастап, Түркияның Ыстанбұл қаласына дейін жаяу барған. Сонымен қатар марафоншы биыл Еуропа елдерін жаяу аралауды жоспарлаған. 

Зейнеткер марафоншының Еуропа елдерін аралай алмауының себебін тілшіміз Қуаныш Нұрданбекұлының  Жаяу - жалпы жолға шықты атты мақаласынан оқи аласыздар.