• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Қызылордада сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс берді

305 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 сәуір. Қызылорда облысында 388 019 адам сайлауға қатысты. Мұның өзі өңірдегі сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс бергенін көрсетеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Түскі сағат 14:00-де сайлауға халықтың 73,13 пайызы қатысты деген ақпарат алдық. Арада екі сағат өткенде, 346 698 адамның дауыс бергендігі жөнінде дерек келді. Яғни, түстен кейін қызылордалық сайлаушылардың 87,5 пайызы дауыс беріп үлгерген. Осыдан-ақ халықтың ел өміріндегі елеулі оқиғаға енжар қарамай, сайлауға өте белсенді қатысқанын байқауға болады. Бүгінгі сайлаудың мерекелік көңіл-күйде өткенін айтқан абзал. Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғындары нөсерлеп жауған жаңбырға қарамай, сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. Мұның өзі елімізде саяси мәдениеттің күн санап артып келе жатқанын дәлелдейді. «Дәл қазір облыс бойынша ораналасқан барлық 345 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Тізімге ілінген сайлаушылардың 97,5 пайызы саяси науқанға толықтай қатысты. Бұл қызылордалықтардың саяси белсенділігінің артқанын, ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартады. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Байқаушылар тарапынан да сын-ескертпелер айтылмады. Саяси науқан өте жоғары деңгейде өтті»,– деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайроллаев. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.