• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Алматының 100 жастағы тұрғыны Мәмилия Әлімбаева үлгі көрсетті

325 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 26 сәуір.  Қала аумағында жаңадан ашылған «Алатау» ауданының тұрғыны 100 жастағы кейуана Мәмилия Әлімбаеваның «Шаңырақ» шағын ауданындағы №26 мектеп залына, №20 сайлау учаскесіне өз аяғымен кіріп келуінің өзі сайлауға қатысушыларды бір серпілтіп тастады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Сол жердегі топ 100 жасаған анамен суретке түсіп, естелік  үшін ана батасын алды. Мәмилия Әлімбаева апамыз өзінің азаматтық парызы – дауыс беру құқығын орындай отырып, сайлау учаскесіндегі жамағатқа өз басынан кешірген ғұмырлық шежіресінен хабар беріп, барша қауымға, бүгінгі сайлауға түсіп жатқан азаматардың баршасына тілек тілеп, бата берді. Социалистік Еңбек Ері, 7 бала, 25 немере, 16 шөбере, 7 шөпшектің ұлы анасы Мәмилия апа Қазақстан мемлекетінің бүгінгі шыққан белесі мен бағындырған биіктеріне үлкен қуанышын білдіре отырып, алда Қазақ елінің асар асуы мен жетер жеңісінің молдығына бек сенімді екенін мәлімдеді. Қанат Ескендір. Дерек, сурет: egemen.kz