Көші-қон қызметі қызметкерлерінен басқа, ЖПІШ-ге учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылған. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында базарларда, құрылыс объектілерінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында тексерулер жүзеге асырылады.
Соның нәтижесінде ЖШС-нің бірінде Ерейментау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ 5 шетелдік азаматты анықтады.
Жұмысқа рұқсатты бұзушылардың айтуынша, олар кейінірек рәсімдемек болған. Қазіргі уақытта жиналған материалдар әкімшілік сотқа берілді. Құқық бұзушыларға айыппұл салынады.
Сондай-ақ шетелдіктерді тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынғанын еске салады.