• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Экология 03 Тамыз, 2024

Экологиялық мәдениет апталығы

61 рет
көрсетілді

Қостанайда экологиялық апталық аясында өткен ауқымды сенбілікке 500-ге жуық мемлекеттік қызметші, волонтер шықты. Бұл жолы Тобыл бойындағы «Шағала» серуен алаңы мен қалалық жағажайды жалғап жатқан аралық шіріген ағаш, қисық бұтақтан аршылып, жол шеті қоқыстан ­тазарып қалды.

Қазір мұнда жаяу жүргін­ші­лер мен велосипедпен қы­ды­рушыларға арналған арнайы жол салынып жатыр. Орталық жағажай да кеңейтіледі. Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Азамат Бегалиннің айтуынша, «Шағаланы» абаттандыру жұмысы қала күні қарсаңында аяқталуға тиіс. Жалпы, Қостанайда үлкенді-кішілі 68 саябақ бар. «Таза Қазақстан» акциясының аясында биыл соның бәрі абаттандырылады. Мысалы, триатлон паркіне суару жүйесі тартылып, жарық орнатылды. Орындықтар қойылып, балалар және спорт алаңдары салынды. Оның Тобыл өзеніне шығатын жолы болады. Жеңіс саябағындағы орындықтар мен қоқыс жәшіктері толығымен ауыстырылды.

Көпшілікпен бірге сенбілікке шыққан облыс әкімі Құмар Ақса­қалов үзіліс кезінде сәуірде басталған экологиялық акцияның мақсаты тек көше сыпырып, ағаш отырғызу ғана емес, Президент бүгінде халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән беріп отырғанын айтты.

«Бәріміз таза көшемен жүріп, таза саябақта серуендегіміз келеді. Ал оның бәрін таза ұстап тұру тек өзімізге байналысты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аймақтарды тазартумен шектелмейді. Бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үлкен идеологиялық іс-шара. Бүгінге дейін облыстың 370 мыңнан аса тұрғыны сенбілікке қатысып, 113 заңсыз қоқыс алаңы жо­йылды. Облыс аумағындағы 300-ден аса саябақ тазартылды. Субұрқақтар қалпына келтіріліп, ауқымды абаттандыру жұмыстары атқарылды. Бизнес өкілдерімен кездесу бары­сында «Таза Қазақстан» жобасы жөнінде сөз қозғалып, ауыл-аймақтарды абаттандыруға қа­тысты меморандумға қол қо­йылды. Облыс тұрғындарын да осы іс-шараға белсенді қатысып, елді көркейтуге үлес қосуға шақы­рамын», деді облыс әкімі.

Сенбілік барысында әкім алдағы уақытта қалалық жағажай аумағында жазғы стадион салынатынын айтты.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар